#qyzylordatv 

Астанада «Құрылтай сайлауы: Конституциялық негіздер және саяси трансформация» тақырыбында сарапшылар алаңы өтті. Іс-шара барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, жиналғандар конституциялық соттың түсініктемесіне қатысты пікір білдірді. 


Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған жиынға елімізге танымал сарапшылар жиналған. Олар құрылтай сайлауы жайлы пікірлерін ортаға салды. Саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай «Құрылтай барлық мемлекеттік институттың легитимділігінің бастауы болады», дейді.


 БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ САЯСАТТАНУШЫ

 "Ең алғашқы институт болып құрылу тархы құрылтайға бұйырып отыр. Осы конституциялық реформадан кейін. Сондықтан құрылтайдың қазір қалыптасайын деп отырған саяси архитектураның сызбасындағы маңызы өте зор. Барлық мемлекеттік институттардың легитимдігінің бастауы болмақ".