#qyzylordatv 

Президент жарлығына сәйкес 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Осы орайда орталық сайлау комиссиясы саяси науқанға арналған күнтізбелік жоспарды бекітті.  


 Жалпы, 54 күнде науқанды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде саяси партиялар 12 тәулік ішінде құжаттарын ұсына алады. Ал үгіт кезеңіне 29 күн белгіленіп отыр. Осы аралықта тіркеуден өткен партиялар бағдарламаларын қоғам талқысына ұсына алады. Айта кетейік сайлау барысында өңірде 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істемек. Қазір маңызды науқанға дайындық жұмыстары басталып кетті. Әрбір учаскедегі комиссия мүшелерін оқыту кезең кезеңімен жүзеге асады.


 АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ  

 Бұл күнтізбелік жоспарға сәйкес, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан орны және шекараларын анықтау мәселелерін жүзеге асырып жатырмыз. Қызылорда облысы Құрылтай сайлауын ұйымдастыру мәселелерін бастап кетті. Облыс бойынша 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. 9 аумақтық сайлау комиссиясында 63 комиссия мүшесі бар, 386 комиссияда 2720 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады. Қызылорда облысында 9 жаңа учаске ашылды, оның 7-і Қызылорда қаласында, біреуі Қазалы ауданы мен біреуі Шиелі ауданында жүзеге асады.