#qyzylordatv #заңментәртіп 

Облыс орталығында заңсыз салынған құрылыс нысандары бұздырылды. 


 Жоспардан тыс тексеру жұмыстары кезінде Желтоқсан көшесі №4,6 үйде орналасқан кафелердің заңсыз жазғы қосымша құрылыс салғаны анықталды. Сондықтан меншік иелеріне құрылысты бұзу жөнінде нұсқама берілді. Бүгінде 7 кафенің қосымша құрылысы бұздырылып, нұсқама талаптары орындалды. 


БАҒДАТ СЕЙФУЛМӘЛІКОВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұған дейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес маниторингтік жұмыс тобы құрылған болатын. Нәтижесінде Желтоқсан көшесіндегі 7 кафенің жазғы қосымша құрылыстары заңсыз екенін анықтадық. Сәйкесінше басқармамаен нұсқама бердік. Қазіргі таңда 7 кафенің қосымша құрылыстары толығымен бұзылып, нұсқама талаптары орындалды. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасын табады, нәтижесімен заңсыз құрылыстарды қалпына келтіруге жұмыс жасаймыз.


Атап өту керек, бұл нысандар осы үйлерде тұратын тұрғындарға да кедергі келтірген. Сондықтан олар өз талабы ескерілгенін айтып, алғыс білдірді.


 БАЛЖАН БЕРТАЙҚЫЗЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен 79 жылдан бері осы үйде тұрамын. Талай жақсысын да жаманынан да көрдік, заманына қарай. Мына жерде кафелерде летник істеген. Сол жерде у-шу болады. Ауру кісілер, кішкентай балалар бар. 11-ге шейін үндемейміз.11-ге шейін шу, таң атқанша төбелес.Сондықтан арыз жазуға мәжібүр болдық. 


НҰРСҰЛТАН ЖАКЕНОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 ГАСК мекемесіне көп-көп рахмет. Біз Желтоқсан 6,4 үйдің тұрғындарымыз. Осы кафе, магазиндердің құрылыстарын бұзғанына көп көп рахмет. Біздің өтініш бойынша орындалды.