#qyzylordatv
Қазақстан мен Қытай жаңа бірлескен жобаларды қолға алмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың алпауыт компанияларының басшыларымен кездесіп, цифрлық инфрақұрылым, логистика және ауыл шаурашылығы салаларындаа серіктестік орнатуға шақырды. Қос ел енді өзара әріптестікті өндіріс пен технология саласында дамытады.
Сан түрлі саладағы бірлескен жобаларды дөңгелету үшін тараптар дөңгелек үстелде бас қосты. Мұнда Қытайдың жетекші ірі компанияларының басшылары жиналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхай қаласындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында бас қосудың символдық мәні зор екенін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Екібастұз қаласындағы Data Center Valley жобасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – еліміздің бірегей стратегиялық бастамасы. Аталған жоба Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия цифрлық инфрақұрылымының негізгі тірегі болады деп санаймыз. Басты мақсат – деректерді өңдеу орталықтарын, бұлтты сервистерді және жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі платформа қалыптастыру. Инвесторларға толық жабдықталған алаңдар, заманауи инфрақұрылым ұсынылады. Олар тұрақты электр қуатын пайдаланып, арнайы инвестициялық режим аясында жұмыс істей алады. Алайда, осы бағыттағы ауқымды шаруа деректерді өңдеу орталықтарын салумен шектелмейді. Біз біртұтас инновациялық экожүйе қалыптастыруды көздеп отырмыз.
Президент атап өткендей, Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болмақ. Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыруға мүдделі. Қытайдың ірі жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстел барысында қол қойылған коммерциялық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
Мысалға, Джей а мода компаниясымен жасалған келісімнің аясында енді Алматыда дчери автокөлігі шығарылатын болады. Сондай-ақ, елімізде тоқпен жүретін көліктердің қуаттау бекеті де көбеймек.
НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ – «ASTANA GROUP» ХОЛДИНГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖӘНЕ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Қазақстанда Би ай Ди компаниясы Астана моторспен бірлесе 60 жедел қуаттайтын бекет салады. Элетр қуатымен жүретін көліктерді сол бекеттерде бар болғаны 9 минутта қуаттандыруға болады. Бұл жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асады. Биыл әзірге Алматы, астана және Шымкент қалаларында бекеттер орналастырамыз.
Президент цифрлық логистиканы және перспективті көлік дәліздерін дамытқан жөн деп санайды. Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистика хабы болуға тиіс. Бұл –стратегиялық мақсат. Қазір еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Соңғы он бес жылда мемлекет көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Елімізде халықаралық жүк тасымалына арналған бірыңғай цифрлық экожүйенің негізі қаланып жатыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Осы саладағы басты жоба – Smart Cargo платформасы. Бұл – кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін бірыңғай цифрлық терезе. Басты мақсат – Еуразияның бірыңғай цифрлық көлік кеңістігін қалыптастыру. Бір сөзбен, деректер цифрлық желі арқылы қалай тез жіберілсе, тауарлар да шекарадан дәл сондай жылдам әрі тиімді өтетін кеңістік құруымыз керек. Қазақстан мен Қытай халықаралық сауданың тиімділігін арттыратын жаңа жаһандық стандарттарды бірлесіп орнықтыра алады деп санаймын. Қытайдың технология саласында жұмыс істейтін компанияларын, логистика операторларын және инфрақұрылым саласындағы инвесторларын осы ауқымды бастамаға белсене атсалысуға шақырамын.