#qyzylordatv
Қызылордалық полицейлер жол үстінде жағдайы күрт нашарлаған жеткіншекке көмектесті. Оқыс оқиға "Самара-Шымкент" тас жолының Қазалы ауданы аумағында болды.
Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген Патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқайды. Сұрастыра келе анықталғаны, Қостанай облысынан Түркістан қаласына бара жатқан отбасы қиын жағдайға тап болыпты. Көліктегі жолаушының бірінің дене қызуы көтеріліп, денсаулығы сыр берген. Тәртіп сақшылары дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланың есін жиғызып алды. Одан соң сақшылар жедел жәрдем қызметін шақырып, жолаушыны дәрігерге тапсырды. Қиын сәтте көмекке ұмтылған полицейлерге баланың ата-анасы шынайы алғысын білдіріп, олардың кәсібилігі мен жанашырлығына ризашылығын жеткізді.