Мерекелік медаль табысталды
#qyzylordatv
Облыс әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламентінінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Жиында еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлер мерекелік медальмен марапатталды.
Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған Конституция еліміздің саяси жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, қос палаталы Парламенттің қалыптасуына жол ашты. Парламент мемлекеттіліктің берік құқықтық негізін қалап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған 3,5 мыңға жуық заң қабылдады. 1995 жылдан бері Сыр өңірінен 27 азамат Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісіне депутат ретінде сайланған. Ел сенімін арқалаған азаматтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді республика деңгейінде көтеріп, шешілуіне өз үлесін қосты. Атап айтсақ....
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ
Арал өңірінің экологиялық ахуалы, су қауіпсіздігі, ауылдарды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар соның айқын дәлелелі. Бұл орталық пен аймақтардың өзара тиімді ынтымақтастығының, халық мүддесіне қызмет етудің жарқын үлгісі...
Биыл еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Мәселен, Сыр өңірінде Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысы өтті. Жалпыхалықтық Референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Бұл бастама ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға мүмкіндік берді. Жиында Парламент Сенатының 1-ші шақырылымының депутаты болған мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов пен 2021-2023 жылдары Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Балайым Кесебаева сөз сөйлеп, ел өміріндегі өзгерістерге тоқталды.
Салтанатты шарада еліміздегі айтулы шаралардың басы қасында жүріп, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалі табысталды.