Негізгі Жаңалықтар «Халық үні» сайлауға тәуелсіз байқаушыларды дайындауда

«Халық үні» сайлауға тәуелсіз байқаушыларды дайындауда

#qyzylordatv 

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауының өтуіне «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы да атсалысатын болады.


 «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобының мүшесі Нұргелді Әбдіғани белсенді азаматтармен кездесіп, саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Ол осы кезге дейін де электоралдық процестер кезінде тәуелсіз байқаушылар тобын ұйымдастыру жұмысымен айналысқанын айтты. Осы жолы да бірқатар өңірде тәуелсіз байқаушылар тобын жасақтауды жоспарлап отыр. «Саяси науқан кезінде шамамен облыс бойынша 70-ке жуық байқаушыны даярлап, сайлау учаскесіне кіргізсек деген жоспарымыз бар», –дейді топ мүшесі Нұргелді Әбдіғани.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар