«Қайсар» командасы Қазақстан кубогының финалына бір қадам қалды
#qyzylordatv
Спорт әлемінен ақпар. Ертең Сыр өңірінің «Қайсар» футбол командасы Қазақстан кубогының жартылай финалында елордалық «Жеңіс» клубымен шеберлік байқаспақ.
«Астана арена» стадионында өтетін қарымта матчта финалға берілер жолдама сарапқа салынады. Ал Қызылордада өткен алғашқы ойында «Қасқырлар» 3-те 1 есебімен басым түскен болатын. Дегенмен, «Жеңіс» те жеңісті қолдан оңай бере салмайтын сыңайлы. Өйткені елордалық ұжым жақында ғана бас бапкерін ауыстырып, кубок ойынына дайындықты бастап кетті. Не десек те бұл екі команда үшін де маңызды ойын. Сондықтан, елорда төрінде нағыз тартысты бәсеке күтіп тұр. Виктор Мозес бастаған Сыр аяқдопшылары намысты қолдан бермейді деген сенім басым. Айта кетейік, қызылордалық жанкүйерлер «Алау» мұз айдынының маңында жиналып, ойынды стадионның S4 секторынан тамашалайды. Тартысты матч ертең сағат 19:00-де басталмақ.