Негізгі Жаңалықтар Аймақта 2 күн электр станциясы салынады

Аймақта 2 күн электр станциясы салынады

#qyzylordatv 

Жыл соңына дейін елімізде жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 жоба жүзеге аспақ. Соның ішінде екі күн электр станциясы Сыр өңірінде салынады. Бұл жөнінде энергетика министрлігі хабарлады.   


Аталған министрлік жаңартылатын энергия көздерін дамытудың кешенді жоспарын әзірлеген. Осы құжат негізінде биыл іске қосу жоспарланған 10 нысанның жалпы қуаты – 245 МегаВатт. Бүгінде соның жетеуі аяқталу сатысында тұр. Ал, Сыр өңірінен бой көтеретін екі күн электр станциясын «Альхена» серіктестігі салмақ. Айта кетейік бүгінде облыс аумағында жалпы қуаттылығы 148 МегаВатт болатын 5 күн электр станциясы бар. Енді екі нысан іске қосылса тағы 30 МегаВатт электр энергиясы өндіріледі. Бұл жобаларды межелі уақытта жүзеге асыру өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етпек.  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар