«Қазсушар» филиалының директоры тағайындалды
#qyzylordatv
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте аймақтың білім саласында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды.
Облыс әкімі алдымен кадрлық өзгерістерге тоқталды. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен облыстық филиал директоры қызметіне Ибадулла Мырзаев тағайындалды. Ибадулла Абдуллаұлы «Оңтүстік сушар» кәсіпорнында экономист, бас экономист болып жұмысын бастап, 2007-2013 жылдары Су ресурстары комитетінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен. «Қазсушар» мекемесінің Астанадағы орталық аппаратында, Ақмола, Қарағанды өңірлік филиалдарында басшылық қызметте болған. 2024 жылдан осы күнге дейін республикалық «Қазсушар» мекемесі бас директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді. Облыс әкімі жаңа басшысының жұмысына сәттілік тіледі.