Негізгі Жаңалықтар Бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесі өзгереді

Бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесі өзгереді

#qyzylordatv 

Алдағы оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда бағалау тәртібі өзгереді. БЖБ мен ТЖБ болмайды. Оның орнына әр бөлім соңында аралық бағалау жүргізіледі. Тоқсандық бағаның 50%-ы күнделікті сабақтағы бағалаудан, 50%-ы аралық бағалаудан қойылады. Қорытынды баға автоматты түрде есептеледі. Бірінші сыныпта баға қойылмайды.


 ШЫНАР АҚПАРОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Бұған дейін диктант, бақылау, шығарма, мазмұндама сияқты жазба жұмыстары форматиктік бағалау шеңберінде алынып, оларға сабақтың шамамен 20-25 минуты бөлінеді. Енді мұндай жұмыстар аралық бағалаудың негізгі нысандарының бірі ретінде өткізіліп, оларды орындауға толық сабақ уақыты, яғни, 45 минут беріледі.


 Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде олардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріледі. Мұғалім баланың қабілетіне қарай тапсырманың көлемін, деңгейін, орындау уақытын және тәсілін өзгерте алады. Сондай-ақ, модерация жүргізілмейді. Бұған дейін оқушы жұмысын бірнеше мұғалім бірге қарап, бағаларды салыстыратын. Енді әр педагог тапсырманы өзі бағалайды. Бұл ұстаздың уақытын үнемдеп, жүктемесін азайтады. Баланың бағасын ата-ана электронды немесе қағаз нұсқада көре алады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар