Жастарға патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің басты ұстанымы
#qyzylordatv
Бабадан балаға мирас болған ұланғайып атырапты көздің қарашығындай сақтап, ел тыныштығын күзету шекарашыларға жүктелетін ең үлкен жауапкершілік. Бүгін елімізде осы абыройлы міндетті арқалап жүрген сарбаздар мен сардарлардың кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы жастарды әскери өмірге баулу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі 2022 жылы құрылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінен зейнетке шыққан азаматтар осы ұйымға тіркеліп, түрлі іс-шараларға қатысады. Атап айтсақ, сала ардагерлері әскери бөлімдерге барып, жас сарбаздармен кездеседі. Өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл кеңестерін айтады. Аймақта мұнан бөлек, шекара қызметінің жұмысына қызығушылық танытатын оқушыларға арналған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Сала мамандары мектептерде сабақ өткізіп, шекараны қорғау, із кесу, қызметтік иттерді пайдалану секілді маңызды мәліметтер береді.
АСАН ХУДОЯРОВ, «ЗАСТАВА ТАРЛАНДАРЫ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ \Ұлдардың арасында ҰҚК Шекара қызметінің академиясына түсуге біз ұсыныс жасап, балдардың ішінде іріктеп ең мықты дегендерін қабылдайды. Талаптары ҰБТ-дан 50 балдан жоғару алу керек, турниркке тартылу, жүгіруден өзінің талаптары бар...