Байқоңырда жылу беру маусымына дайындық пысықталды
#qyzylordatv
Байқоңырда алдағы жылу беру маусымына дайындық пысықталды. Көшпелі кеңесте қаладағы жылу электр станциялары мен желілерінің және көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік жүйелеріне жүргізілген маусымдық профилактикалық жұмыстардың нәтижесі тыңдалды.
Қазіргі таңда жылумен жабдықтау нысандарында құбырларды ауыстыру және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтау да кестеге сәйкес жүруде. Басты мақсат - апаттық жағдайлардың алдын алу және қыс айларында қала тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету.