TikTok-та балағат сөз айтқан үшін көше сыпыруға мәжбүр
#qyzylordatv
TikTok-та балағат сөз айтқан Сырдария ауданының тұрғыны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
36 жастағы азамат тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөз айтқан. Ол бұл әрекетін мас күйінде жасаған. Әлеуметтік желіде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни, оған сот шешімімен 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ер адам көшелерді сыпырып, арамшөптен тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыстар жасауда. Полиция желі қолданушыларын заңға қайшы әрекеттерге бармауға шақырады.