Негізгі Жаңалықтар Жас өнертапқыштар халықаралық додадан олжалы оралды

Жас өнертапқыштар халықаралық додадан олжалы оралды

#qyzylordatv 

Қызылордалық оқушылар Қытайдың Пекин қаласында өткен халықаралық додадан жүлдемен оралды. 


 «Фёрст Лего Лиг Эйжа Оупен Чемпионшип-2026» байқауына 25 елден 375 команда, 3,5 мыңға жуық жас өнертапқыш қатысты. Қазақстанның атынан жиырмаға жуық команда барды. Соның ішінде қаладағы №290 «Келешек» мектебінің озық ойлы оқушылары археология бағыты бойынша өз жобаларын қорғап, «Кодинг Эворд» жүлдесіне ие болды. Алдияр Айберген мен Ахмедияр Қайырбек сканерлейтін машина мен сұрыптаушы робот құрастырып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. 


ӨТЕМІС РАХАТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ 

Біздің балаларымыздың жасаған жобасында сканерлейтін машина яғни жердің астын қазбай тұрып бірінші сканерлеп алады жәдігердің қай жерде бар, жоқтығын. Сосын табылған жәдігерді сұрыптайтын робот жасады...


 АЛДИЯР АЙБЕРГЕН, «OTAI» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ 

Бұл награда ең мықты код жазғанға берді. Біз кодты жақсы жазып, осы награданы алдық

Бөлісу

Аймақтық телеарналар