Негізгі Жаңалықтар Оқушылар шекара қызметімен танысты

Оқушылар шекара қызметімен танысты

#qyzylordatv 

Биыл шекара қызметіне 34 жыл, ал Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрылғанына 27 жыл болды. Мереке қарсаңында ашық есік күні ұйымдастырылып, бір топ оқушыға шекара қызметінің заманауи техникалары және қару-жарақ үлгілері көрсетілді. 


 Ашық есік күні аясында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызмет барысымен танысып, мемлекеттік шекараны күзетудің жауапты да мәртебелі міндетін өз көзімен көрді. Ол үшін арнайы 5 оқу нүктесі дайындалған. Алдымен балалар қарулы күштердің құрал-жабдық, техникаларымен танысып, олардың қандай қызмет атқаратынын білді. Мұнан соң, әскери киім-кешектен бастап инженерлік және жаппай қырып-жою қарулары, байланыс құралдары мен автокөліктердің қызметімен танысты.


12 жастағы Ақсұңқар Ахмет іс-шарада бұрын соңды сурет пен теледидардан ғана көретін арнайы қару-жарақтарды жақыннан көрді. Сондай-ақ, шекарашылардың бір күндік ас мәзірімен танысып, арнайы үйретілген иісшіл иттердің шекарадан заңсыз өткен адамдарды қалай құрықтайтынын тамашалады.


 Жиын соңында балалар әскерилердің қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін тамашалап, шекара шебінде қаруды қалай қолдану керектігін көрді. Мұндай патриоттық жиындар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар