Негізгі Жаңалықтар Көне шаһардың құпиясы көп

Көне шаһардың құпиясы көп

#qyzylordatv 

Тақырыпқа тұздық. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің археологтары далалық зерттеу жұмыстарын шет елдік ғалымдармен бірлесе атқаруда. Тақырыпты Жанкент шаһарындағы пресс-турдан оралған тілшіміз тарқатады.


 ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ 

Топырағын түртсең тарихы сөйлейтін Жанкент қалашығында халықаралық зерттеу жұмыстары барысында археологиялық қазба жұмыстары жүруде. Ғалымдар осы қазба жұмыстары барысында тың деректі тапты. Яғни зерттеу барысында осындай кәріз құбырын тауып отыр. Ғалымдардың айтуынша бұл көне қалашықтағы цитадельде адамдар жуынған кездегі қалдық суларды жіберетін арнайы құбыр болған деседі. Немесе жаңбыр суы жиналатын кәріз құдығы болуы мүмкін дейді.


Бүгінгі күнге дейін жалпы аумағы 16 гектардан асатын көне шаһардың аз ғана бөлігіне қазба жұмыстары жүргізілген. Соның өзінде археологтар 30 мыңға жуық түрлі бұйымдар тапқан.


ГЕНРИХ ХАРКЕ - ПРОФЕССОР, АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ (ТЮБИНГЕН ЭБЕРХАРД ЖӘНЕ КАРЛ УНИВЕРСИТЕТІ) Жанкент IX ғасырдың аяғында Хорезм сәулет үлгісімен қайта салынғанымен, ол үнемі оғыз ябғуының бақылауында болғанға ұқсайды. Алайда билеушінің өзі бұл жерде тұрақты мекендемеуі мүмкін. Оның басты мақсаты — өңірдегі сауда жолдарын өз уысында ұстау болды. Себебі Жанкент Солтүстік Жібек жолы мен Еділ Булғариясынан Хорезмге өтетін солтүстік сауда бағыты тоғысқан стратегиялық торапта орналасқан. Соңғы зерттеулер солтүстіктен шыққан сауда жолдарының дәл осы қала арқылы өткенін сенімді түрде дәлелдейді. Сондықтан Жанкент тек сауда орны ғана емес, тауарларды Сырдария, Хорезм немесе Арал теңізі арқылы қайта үлестіретін маңызды логистикалық орталық қызметін атқарған. Шаһардың негізгі тарихи маңызы да осы сауда тоғысында жатыр. Дегенмен, археологиялық қазбалар созылған сайын бұл тұжырымдарды өзгертетін жаңа деректердің де табылуы әбден мүмкін


 Ал, 2018 жылы Германияның ғылыми жобаларды қолдау қорының қаржыландыруымен жүргізілген далалық жұмыстар барысында қала тарихын толықтырып түгендейтін түрлі тәсілдер қолданған.  


 СЕЙДАЛЫ БІЛӘЛОВ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ» ҒЗО БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ 

Бұл жоба 5 жылға жуық созылды. Осы жобаны орындау барысында ескерткіштен 250 даталау алынды. Түрлі салада жұмыс жасайтын ғалымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Яғни, қазбалар барында табылған жан-жануарлардың сүйектерін сол заманда тірлішік еткен жанууарлардың пародасы, қандай жасқа келгенде сойып отырған, қандай әдіспен сойған, мал ауруларының қандай түрі дамыған деген секілді бағытта зерттеу жүргізетін ғалымдарды және топырақ танушы ғалымдарды шақырдық. Жанкент қалашығының толық аумағын мысалға электротомагарфия жасалды. Табагеометрия әдіспен түгел беті зерттеліп шықты. Осындай 4-5 ғылымның тоғысқан жері болды.   


Тарихи жәдігерді табуға Рессейдің Ұлттық зерттеу университеті «Экономика жоғары мектебінің» студенттері үлес қосқан. 


ЮЛИЯ СОЛОД - ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ «ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ» ТҮЛЕГІ 

Жоғары экономика мектебінің студенттері экспедицияға қатысып жатқанына бесінші жыл болды, олар мұнда тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ еріктілер де келеді. Бұл олар үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Бұл – қызықты олжалармен жұмыс істеуге мүмкіндік. Фотограмметрия, дронмен түсірілім сияқты ең жаңа әдістерді қолдануға болады. Және талдау үшін қызықты сынамалар алуға мүмкіндік береді.


Кезінде Еуропа мен Азияны жалғаған, тіршілігі қайнаған қала қазір мүлгіп жатыр. Жым-жырт. Бірақ топырағы құндылыққа тұнып тұр. Сондықтан, сырын ішіне бүккен Жанкент қалашығы әлі де сан жылдар бойы археологтарға азық болары анық.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар