Негізгі Жаңалықтар Халық денсаулығы – басты байлық

Халық денсаулығы – басты байлық

#qyzylordatv 

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударып, бірқатар маңызды міндеттерді айқындап берді. 


Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қызмет ауқымын кеңейту, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, жаңа ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен оңалту мекемелерін салу, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру сияқты негізгі бағыттар айқындалды. Бұл бастамалардың барлығы халық денсаулығын нығайтуға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өңірлік филиалының директоры Сапар Рахменшеев осы бастамалардың жүзеге асырылуы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту перспективалары және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша өз пікірімен бөлісті.


 САПАР РАХМЕНШЕЕВ – МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Біздің басты мақсатымыз – өңірдегі барлық медициналық мекемелерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету. Бұл халық үшін тегін медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. 

Бөлісу