Поэзия төріндегі парасат
#qyzylordatv
Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Оңталап Базаралы зейнет жасқа толды. Осыған орай обыс орталығында белгілі ақынның «Поэзия төріндегі парасат» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып, жұртшылыққа рухани әсер сыйлады.
Оңталап Базаралы - өлеңсүйер қауымға етене таныс есімі. Поэзия пырағын мінген ақынның жырлары оқырманның жүрегінен жол тапқан. Кеш барысында ақындар мен меймандар автордың шымыр шумақтардан құралған өміршең өлеңдерін оқып, оң бағасын берді.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
Оңталап Ералыұлы бұл Сырдың өзінде туып-өсіп, осы өз топырағымызда таңылған шығармашылық иесі, Алатау асып, арман қуып Алматыға кетіп қалмаса да, осы өңірде шынайылық танытқан, шыншыл ақындарымыздың бірі.
Ақынның «Игілік бастаулары», «Санадағы сәулелер», «Армысыңдар, арулар!», «Ақсұңқар», «Алау», «Толыбай батыр» секілді кітаптары оқырманға жол тартқан. Енді солардың қатарына «101 өлең» атты жаңа жыр жинағы қосылды.
Осылайша поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақынның шығармашылық кеші жылы шырайда қорытындыланды.