Сыр ұстаздары жүлделі оралды
#qyzylordatv
Сыр ұстаздары Алматы қаласында өткен Қазақстан мұғалімдерінің алтыншы республикалық спартакиадасынан жүлделі оралды. Байрақты бәсекеге еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан 1300-ге жуық педагог қатысты. Нәтижесінде, өңір мұғалімдері жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Жарысқа қатысушылар спорттың тоғыз түрінен сынға түсті. Спартакиада бағдарламасына волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату кірді. Жарыс барысында қызылордалық ұстаздар ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақ, бес асық және волейболдан Қызылорда командасы бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды әріптестері теміржол вокзалынан қошеметпен күтіп алып, құрмет көрсетті.