Негізгі Жаңалықтар Мерейлі отбасы – 2026: Құтмамбетовтер отбасы жеңімпаз атанды

Мерейлі отбасы – 2026: Құтмамбетовтер отбасы жеңімпаз атанды

#qyzylordatv 

Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауында Сыр өңірінен барған Құтмамбетовтер отбасы жеңімпаздар қатарынан табылды. Адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған әулетті Сыр жұртшылығы Қорқыт ата әуежайынан қошеметпен күтіп алды.


 Мерейлі отбасы бұл – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, береке-бірлігі жарасқан, еңбегімен елге үлгі болған өнегелі отбасылардың дәстүрлі байқауы. Биыл ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне әр өңірден іріктеліп, үздік атанған 20 отбасыға арнайы сыйлықтар және 2 млн теңгенің қаржылай сертификаты табысталды. Жеңімпаз атанғандардың қатарында мұнай, кен, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым салаларына еңбегі сіңген, өнерге өмірін арнаған жандар бар. Көпбалалы отбасылармен қоса, бала асырап алып, бауырына басқан мейірімді жандар, елді мекеннің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан әулеттер де лауреаттардың қатарынан көрінді. Солардың қатарында – Қызылорда өңірінен барған Құтмамбетовтер шаңырағы. Әулеттің үлкені Ханкене Құтмамбетов тыл ардагері, Арал ауданының Жамбыл колхозында бас есепші қызметін атқарған. Ал, отанасы Үрімжан Құтмамбетова 9 құрсақ көтеріп, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған.

Мерейлі отбасы мүшелерін әуежайдан қарсы алу рәсімінде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов Құтмамбетовтер әулетінің қуанышына ортақтасты. Аймақ мерейін асқақтатқан жандарды айтулы жетістіктерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Бөлісу