Негізгі Жаңалықтар Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды

#qyzylordatv 

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қытайдың «Suchun Environmental Protection» /Сучун энвероментал протекшн/ компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.


 Сонымен қатар облыстың инвестициялық әлеуеті, экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Әсіресе, аймақтың табиғи ресурстары мен шикізаттық базасын тиімді пайдалана отырып жүзеге асырылатын перспективалы инвестициялық жобаларға басымдық берілді. 

Кездесуде аймақ басшысы өңірде жаңа жобаларға, шетелдік инвесторлармен әріптестікті нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті. 

Бөлісу