Футбол академиясы бой көтереді
#qyzylordatv
Қызылордада «Қайсар» футбол клубының базасы мен академия құрылысы жүруде. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, аталмыш нысан 2028 жылдың басында толыққанды іске қосылмақ.
Жоба клубтың ұзақ мерзімді даму жоспарына сәйкес инвестициялық негізде жүзеге асуда. Кешен аумағында толық өлшемді бірнеше футбол алаңы, жабық манеж және ойыншыларды оңалтуға арналған медициналық орталық бой көтереді. Осылайша, өңірде жергілікті жасөспірімдердің кәсіби қабілетін дер кезінде шыңдап, негізгі командада доп тебетін таланттар тәрбиелеу көзделіп отыр.