Жастар жолдауды талқылады
#qyzylordatv
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Цифрлық экономиканы жаңа деңгейге көтеру, кітап оқитын ұлт, халықтық құрылыс тақырыптары кеңінен айтылды.
Министр білімді, ой-өрісі кең ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды. Одан бөлек жастарды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, жыл сайын 30 жас азаматқа 3 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант аясында жүзеге асып жатыр.
Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Жас кәсіпкерлер, дизайнерлер, музыканттар, ғалымдар мен спортшылар министрге бірқатар ұсыныс айтты. Олардың қатарында ұлттық мәдениетті дамыту, отандық ақын-жазушылардың авторлық құқықтарын қорғау, қоғамдық құндылықтарды нығайту және кітап оқитын жастарды көбейтуге бағытталған бастамалар бар.