Негізгі Жаңалықтар Жолдау - 2026: М.Әбенов еңбек ұжымдарымен кездесті

Жолдау - 2026: М.Әбенов еңбек ұжымдарымен кездесті

#qyzylordatv 

Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов Шиелі, Жаңақорған аудандарында болды. Сапар барысында еңбек ұжымдарымен кездесіп, Президент жолдауын түсіндірді. 


 Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов алдымен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне барды. Бүгінде елде атом энергетикасын дамыту мен білікті мамандар даярлау мәселесі ең басты стратегиялық бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Ал, индустриалды-аграрлық колледж өңірге қажетті кадр қалыптастыратын ұстаханаға айналмақ. 


МҰРАТ ӘБЕНОВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ 

 Өз жолдауында Мемлекет басшысы айтты 3 атом электр станциясын саламыз. Оған арнайы уран керек. Оны көбірек табу керек, сақтау керек.оны апару керек. Оның мамандарын қайдан аламыз. Сол себепті құрметті колледж мамандары бұл колледж атом саласына мықты мамандарды көп дайындайтын шығар. 


Түсіндіру тобы аудандық көпбейінді ауруханада болды. Мұнда Президенттің денсаулық саласын дамытуға қатысты айтқан ойлары жан-жақты түсіндіріліп, дәрігерлердің жалақысын 40 пайызға дейін көтеру мәселесі сөз болды. Жаңа медициналық нысандар салу және білікті маман дайындау жайы да қамтылды. 


 БАУЫРЖАН ҚУАНЫШБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Облысымызда 5 медициналық нысан қазіргі таңда құрылысы жүруде. Президентіміздің жолдауда айтқаны жалпы тәжірибелі дәрігерлердің бір жерде еңбек өтілінің ескере отырып, 40 пайызға дейін жалақысын көбейту мәселесі көтерілді. Қазіргі таңда министрлік тарапынан осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз жалпы тәжірибелі дәрігерлердің тұрақтануына әкеледі деп отырмыз. 


Мұнан соң халық кеңесінің мүшесі Жаңақорған ауданындағы №286 мектеп-лицейінің ұжымымен және Жаңақорған шипажайының қызметкерлерімен кездесті. Мұрат Әбенов Жолдау жүктеген міндеттерді еңбек ұжымдарына жеткізіп, олармен ашық пікір алмасты.


Бөлісу