Негізгі Жаңалықтар Заңсыз табыс тапқан

Заңсыз табыс тапқан

#qyzylordatv 

Қызылордада криптовалютаны заңсыз айырбастауды ұйымдастырып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғандар сотталды. 


 Тергеу барысында олардың тиісті рұқсатсыз, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде Binance платформасының қызметі арқылы криптовалютаны заңсыз саудалағаны анықталған. Осылайша олар 1 млрд теңгеден астам сомаға цифрлық активтер сатқан. Криптовалютаны заңсыз айырбастаудан түскен табыс 178 млн теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастырумен айналысқан. Ақшаны қабылдау және басқа шоттарға аудару үшін дропперлерді тартқан.



ЕРНАР ТАЙЖАН - ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

Сотталғандар қылмыстық жолмен тапқан ақшасына жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына тіркеген. Кейін бұл көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген. Сот үкімімен олардың біріне үш жыл, екіншісіне екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ төрт арнайы техника мен қылмыстық жолмен алынған 1 млрд теңгеден астам табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.Үкім заңды күшіне енді

Бөлісу