Ашық құдықтар саны азаймай тұр
#qyzylordatv
Ашық құдықтар саны азаймай тұр. Бұл қала тұрғындарына әсіресе, балалардың өміріне қауіпті. Мәселен, жыл басынан бері «109» бірыңғай байланыс орталығына құдықтардың ашық жатқаны жөнінде 200-дей шағым түскен.
Аталған мәселеге байланысты облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімдігі жанынан құрылған көпқабатты тұрғын үйлер мен мектеп аулалары, көшелер мен саябақтарды тексерді. Жұмысшы топ құрамында төтенше жағдай қызметінің мамандары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері бар. Нәтижесінде, жауапты сала қызметкерлеріне беті ашық қалған құдықтардың қақпақтарын қайта орнатып, тез арада ретке келтіру керектігі түсіндірілді. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, дейді мамандар.