Негізгі Жаңалықтар Жүректен шыққан жыр

Жүректен шыққан жыр

#qyzylordatv 

Сыр сахнасында талантты өнерпаз, жас ақын, күйші-сазгер Әлия Әбжәмидің алғашқы шығармашылық кеші өтті. «Кең шаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған концертте өнер иесінің төл туындылары орындалды. 


 Әлия Әбжәми 10 жасынан бастап домбыра шертіп, қазақтың ұлттық аспабын жанына серік етіп жүр. Ол Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің түлегі. Кәсіби мамандардан дәріс алған талантты қыз күй тартып қана қоймайды, «Толғау», «Шабыт», «Ана әлдиі» сияқты туындалардың авторы. «Жүректен шыққан жыр» атты кеште Әлия өзінің шығармаларын орындап, көрерменің ыстық ықыласына бөленді. 


 Әлияның күйшілік, сазгерлік қырынан бөлек ақындық қасиеті де бар. Ол туған жер, махаббат, достық тақырыбында қалам тербейді. «Кең шаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған көптеген іс-шараларға қатысып, өнер көрсетіп жүр. 


 Талантты жастың өнерін дәріптеп, үлкен сахнаға шығуына жол ашу мақсатындағы кешке Әлияның өнердегі, өмірдегі достары мен қатысып әннен шашу шашты.


Бөлісу