Негізгі Жаңалықтар «Кітап оқитын ұлт»: Аудан әкімі түнгі кітапханаға барды

«Кітап оқитын ұлт»: Аудан әкімі түнгі кітапханаға барды

#qyzylordatv 

Жалағаш аудандық кітапханасында тұрғындардың кітап оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында күнделікті «түнгі кітапхана» жұмыс істейді. Аудан әкімі Ерлан Төрәлиев аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлерімен бірге «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында түнгі кітапханаға барып, таңдаулы кітаптарды оқыды.


 Түнгі кітапхана сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 8 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олар, «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын мұғалім», «Парасат», «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын университет» және «Кітап оқитын колледж» бағыттары. Аудан әкімі кітап оқудың адам танымын кеңейтіп, білім мен дүниетанымды қалыптастырудағы маңызына тоқталып, бұл бағыттағы бастаманы алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін айтты.

Бөлісу