Негізгі Жаңалықтар Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

#qyzylordatv 

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–қазанда Қазақстанның жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен.


  Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты. Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда 22,2%, фармацевтикада 50,9%, дайын металл бұйымдарын өндіруде 30,4%. Химия өнеркәсібі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарында да оң өсім байқалады.

Бөлісу