Түнгі рейд
#qyzylordatv
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында Жаңақорған аудандық прокуратурасы мен полиция бөлімі, аудан әкімдігі және білім бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, түнгі рейдке шықты.
Түнгі рейд ¬– баланың еркіндігін шектеу емес. Олардың қауіпсіздігін қорғау. Түрлі қылмыс пен жазатайым оқиғаның алдын алу. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлері аудан орталығындағы көңіл-көтеретін орындарды аралап, әрбір нысанның әкімшілігіне жасөспірімдерді беймезгіл уақытта демалыс орнына заңды өкілінсіз кіргізуге болмайтынын түсіндірді.
Аузы күйген үрлеп ішеді. Шын керек, ертеректе ережеге енжар қарайтын кәсіркерлер, қазір беймезгіл уақытта балаларды нысанға кіргізуге болмайтынын жіті түсінген. Көңіл көтеретін орындарда түнгі мезгілде жүрген жасөспірім кезікпеді.
БЕКЗАТХАН ТОХАНОВ – АПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ//ойын сауық орталықтары тексерілді. Тексеру барысында ешқандай кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушы анықталған жоқ. Алдағы уақытта да жұмыстар жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, жиналыстар жасалып жатыр.
Жалпы, жыл басынан бері Жаңақорған ауданында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 450-ден аса жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, бала тәрибесі және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған 140 ата-анаға шара көрілді. Ал, беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарына жасөспірімнің кіруіне жол берген 12 кәсіпкерге айыппұл салынды.
ДАМИР ӘУЕЛБЕК – АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, яғни кәмелетке толмағандардың ойын сауық орталықтарында заңды өкілдерінсіз тыс тұрғын үй жайларда болуына байланысты 124 бабы бойынша 149, ал 442 бабы бойынша 476, барлығы 625 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ата анаға рәсімделген.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі – мектеп оқушыларының көңіл-күйін бақылау. Бұл бағытта аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия жаңа жобаны қолға алған.
НАРИМАН ЖАКУДАЕВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Арнайы QR код арқылы балалардың күнделікті жасап жатқан жұмыстарын, эмоциясын, оның ішінде баланың жәй-күйін QR код арқылы мектепке емес, аудандық білім бөліміне түсу арқылы, анонимді түрде болады. Ол жерге түскен мәселелерді тікелей сол мектепке барып, зерттеп, зерделеп, психологымен және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен тікелей жұмысын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл пилоттық жоба ретінде қазір бастап жатырмыз, ауданда 45 мектеп болса, соның қазір 15-іне ғана еңгізіп тұрмыз.
Аудан әкімімінің орынбасары ұрпақ тәрбиесіндегі түйткілді мәселелер басты назарда екенін жеткізді. Әсіресе, аудандағы білім ұяларындағы бақылау шаралары тиісті деңгейде қолға алынған. Бұл ретте ата-аналар да бала тәрбиесіне бей-жай қарамаса екен дейді.