«Қауіпсіз қадам»: Марафонға 500-ге жуық спортшы қатысты
#qyzylordatv
Облыс орталығында сырбойылықтарды салауатты өмірге шақырған марафон өтті. Биыл бірінші рет жалауын желбіреткен желаяқтар жарысына еліміздің 5 өңірінен 500-ге жуық әуесқой спортшы мен тұрғын қатысты. Жүйріктер сайысы «Қауіпсіз қадам» іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.