Негізгі Жаңалықтар Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру маңызды

Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру маңызды

#qyzylordatv 

Білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандырып, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығы мен құрметін арттыру қажет. Осыған орай облыстық жастар ресурстық орталығында жиын өтті. 


Қазіргі таңда орта мектептер мен техникалық кәсіптік білім беретін колледждерде әскери-құқықтық тәрбие бағытындағы үйірмелер оқу бағдарламасы аясында ғана жүргізілуде. Бұл оқушылар мен студенттердің әскери қабілетін дамытуға жеткіліксіз. Сондықтан әскери пәндерді тереңдетіп оқытып, қарулы күштердің техникаларын көзбен көрсету қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың әскери әдіс-тәсілдерді де жетік меңгеруі маңызды. Мұнан бөлек, басқосуда алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары пікірлерін білдіріп, білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.


Бөлісу