Негізгі Жаңалықтар Мерейтой иесіне құрмет

Мерейтой иесіне құрмет

#qyzylordatv 

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Серік Дүйсенбаев 75 жасқа толды. Аймақ басшысы мерейтой иесін қабылдап, игі лебізін жеткізді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын табыстап, қазақы дәстүрмен құрмет көрсетті. 


 Серік Әбішұлы саналы ғұмырын аймақтың дамуына арнаған азамат. Еңбек жолын «Қызылорда нан өнімдері» өндірістік бірлестігінде инженер-механик болып бастаған ол іскерлігінің арқасында кәсіпорынның директоры болды. Әр жылдары кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық, жергілікті басқару және әлеуметтік салаларда жауапты қызметтер атқарды. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың бірінші және үшінші шақырылымдарының депутаты ретінде қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтеріп, шешілуіне ықпал етті. Серік Дүйсенбаев зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. 2017-2025 жылдары қалалық қоғамдық кеңес төрағасы болып, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайтуға, азаматтық бастамаларды қолдауға елеулі үлес қосты. Ал, қазіргі күні облыстық ардагерлер кеңесін басқарады. Аймақ басшысы көшелі істердің басында, қазыналы қариялардың қасында, халықтың арасында жүрген Серік Әбішұлын мерейлі жасымен құттықтап, иығына шапан жапты. 


Жиында мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов пен Бекмырза Еламанов, қаржы саласының ардагері Дайрабай Ысқақов сияқты ел ағалары сөз алып, мерейтой иесіне игі лебізін жеткізді. 

Бөлісу