Негізгі Жаңалықтар Ел чемпионатының жеңімпазы анықталды

Ел чемпионатының жеңімпазы анықталды

#qyzylordatv 

Облыс орталығында волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының үшінші кезеңі қорытындыланды. 


 Волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының бірінші кезеңі Оралда, екінші кезеңі Ақтөбеде ұйымдастырылды. Ал Сыр елінде өткен үшінші кезеңде еліміздің 8 облыснан 100-ден астам спортшы бақ сынады. Атап айтсақ, дүбірлі додаға Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Жетісу облысы және Астана қаласынан жиналған спортшылар қатысты.


ҚҰРАЛБЕК СЕЙДОВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

 Маңғыстаудан 19 адам келдік. Маңғыстау құрамасы осы кезге дейін 11 дүркін Қазақстан чемпионы болған. 2011 дейін. Қазір үшінші орында келе жатырмыз. Бұл жердің маңыздылығы Ұлттық құрамаға мықты ойыншыларды іріктеу.


 Волейбол – ерік-жігеріңді сынайтын, шеберлік пен үздіксіз жаттығуды қажет ететін спорт түрі. Ел чемпионатының шешуші кезеңінде Қызылорда мен Атырау облысының құрама командалары кездесіп, нағыз мықтылар сынға түсті. Тартысты дода 3/1 есебімен атыраулық құраманың пайдасына шешілді.


 МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Барлық облыстан келген жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Жеңістеріңіз құтты болсын! Азия пара ойындарында Сыр өңірінің спортшылары жүлделі орындарға жетіп, барлық уақытта еліміздің намысын қорғап жүр. Бұдан да басқа Әлем чемпионатында, Азия чемпионаттарында осы барлық облыстардан құралған командаларымыз да жеңістерге жетіп жүр.Оның артында үлкен еңбек, жаттығу жатыр.


Өз саласының үздіктері бақ сынаған бәсекеде қола жүлдені Маңғыстау, күміс жүлдені Қызылорда облысы иеленді. Ал алтынға қол жеткізген Атырау облысының құрама командасы чемпион атанды. 


БАУЫРЖАН САРТАЕВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КАПИТАНЫ

 Нақты ойын осы Қызылорда қаласымен өтті. Өте керемет, жоғары деңгейде өтті. Қызылорда командасы мықты командалардың бірі. Себебі олардың 4 ойыншысы ұлттық құраманың сапында өнер көрсетеді. Осыған дейін әлемдік ареналарды бірге өнер көрсетіп жүрген мықты ойыншылар. Сондықтан бүгінгі ақтық ойын керемет өтті деп есептеймін


ЭРИК ҚАСҚАБАЕВ – АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Тартысты ойындар болды. Финалға шықтық. Атырау командасымын. 3/1 есебімен жеңіліп қалдық. Қателерімізді қараймыз. Балдар жас. Опыт жетпей қалды. Қазір мына жерде отбор болды. Келесі жылы лицензионный Азия чемпионаты болады. Ол жерде параолимпиадаға отбор болады. Жастарды қарады. Біз кеше ғана қазан айында Азия ойындарына бардық. Екінші орын алдық. 


Шараның салтанатты жабылу рәсімінде чемпионатты ұйымдастырушылар мен жаттықтырушыларға, үздік спортшыларға құрмет көрсетілді.

Бөлісу