Негізгі Жаңалықтар Ұлттық спорт түрлері ұлықталды

Ұлттық спорт түрлері ұлықталды

#qyzylordatv 

Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің туғанына 100 жыл толуына орай Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. 


 Саналы ғұмырын туған жердің дамуына арнаған еңбек ардагерінің есімін ұлықтап, өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау және ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыс алдымен ат бәйгемен басталды. Бірінші болып атшабарға құнан бәйгесінің тұлпарлары шығып, нәтижесінде «Қарақыз» атты сәйгүлік сын сағатта сыр бермей, мәре сызығын бірінші болып кесті. Онан соң, жиылған жұрт 20 шақырымнан тұратын аламан бәйгені тамашалады. Тұлпарлардың төзімділігі мен шабандоздардың ептілігі сыналатын сайысқа 13 сәйгүлік қатысты. Соның ішінде шиелілік атбегі Базарбай Бұрқановтың «Ақжол» есімді тұлпары бірінші болып жетті.

Мұнан кейін, ат құлағында ойнайтын білекті жігіттер көкпар тартып, мықтылықтарын сынады. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында гір тасын көтеру, арқан тартыс, күш сынасу және қой көтеру сынды спорт түрлері де ұлықталды. Жеңімпаз атанған спортшылар қаржылай сыйақы және арнайы дипломдармен марапатталды. 

Бөлісу