Қала көшелері қоқыстан тазартылды
#qyzylordatv
Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы қызылордалықтар дария жағалауы мен қала көшелерін қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.
Акцияға мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, ерікті азаматтар және қала тұрғындары атсалысты. Олар күзгі науқанда көшені жапқан жапырақтардан аршып, айналаның абаттануына сүбелі үлес қосты. Экологиялық акция аймақта жалпы халықтық шараға айналып үлгерген. Өңір тұрғындары апта сайын туған өлкені түлетуге үлес қосып жатыр. Осының нәтижесінде жыл басынан бері 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал, сауапты бастамаға 450 мыңға жуық өңір тұрғыны белсене атсалысыпты.
ШОЛПАН ЖҮНІСОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Апта сайын бізде сенбілік жүргізіледі. Мұның мақсаты, әр адам тұрғылықты жеріндегі тазалықты сақтау. Бүгін керемет күн. Жалпы бұл жұмыстар қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастырады. Себебі, әр тұрғын өз үлесін қосса, қала тазалығы сақталады...
НАЗЫМ МАХАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әр сенбі сайын осылай тазалыққа шығып тұрамыз. Өзіміздің қаламыздың тазалығы. Бұл бәрімізге жақсы..