Негізгі Жаңалықтар Қызылордалық каратэшілер ел біріншілігінде топ жарды

Қызылордалық каратэшілер ел біріншілігінде топ жарды

#qyzylordatv 

Қызылордалық каратэшілер Астана қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.


Ел біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бақтарын сынады. Олардың ішінде әлем чемпионы, сырбойылық спортшы Мөлдір Жаңбырбай да бар. Қатысушылар ката және кумите бағдарламалары бойынша жекелей және командалық сайыста бақ сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте қызылордалық спортшылар бірінші орынға ие болды.


Бөлісу