Әлеуметтік қолдау шаралары қайта қаралады
#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында әлеуметтік төлемдер шын мұқтаж азаматтарға берілуі керектігін қатаң ескертті. Осыған орай келер жылдан бастап елімізде бірқатар әлеуметтік көмек пакеті оңтайландырылмақ. Маңызды мәселе облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
Мұрат Нәлқожаұлы күн тәртібіндегі мәселеге байланысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Мәселен, өңірде отбасылардың цифрлық картасы ақпараттық жүйесіне қайта талдау жасалып, әлеуметтік төлемдердің заңдылығы таразыланбақ. «Бұл жұмыс ашық әрі әділ жүргізілуі тиіс», - деді аймақ басшысы. Яғни, шын мұқтаж жанұялар мемлекеттік қолдаудан қағылмайды. Ол үшін әрбір отбасының жай-күйі құжатпен айқындалып, нақты шешім қабылданбақ.
ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіндегі отбасының әл-ауқатын бағалау методикасын бағалау тетігі қарастырылуда. Жиырмасыншы қарашаға дейін мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесін қайта қарайды. Жиырмасыншы желтоқсанға дейін көмек алушылардың материалдық жағдайын верификациялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған