Негізгі Жаңалықтар Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы

#qyzylordatv 

Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының оныншы құрылтайына қатысқан Президент қазақ тілінің болашағына алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Мемлекет басшысы ана тіліміздің келешегіне қатысты маңызды міндеттер жүктеді. Мәселен қазақ тілінің емле ережелері қайта қаралып, орфографиялық сөздігі жаңартылады. Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің ғылым мен технологиядағы қолданысын кеңейту, ұлттық мұраны цифрландыру және қазақша контентті көбейту мәселелеріне де арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, биыл бірінші сыныпқа барған балалардың 71 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Бөлісу