Негізгі Жаңалықтар Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні аталып өтті

Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні аталып өтті

#qyzylordatv 

Бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері күні. Атаулы датаға орай облыстық полиция департаментінде «Өнегелі өмір ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. 


Олар саналы ғұмырын қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты қамтамасыз ету, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп, өмір мектебін қалыптастыру жолында еңбек етті. Сондықтан ардагерлердің жолы қашан да өнеге. Бүгінде облыс бойынша Ішкі істер органдарына қарасты 13 ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Олардың құрамында екі мыңнан астам зейнеткер бар. Облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов салтанатты жиында ел ағаларын мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Бірқатар сала ардагері «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісімен және департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында республикалық детектив шығармалар байқауында топ жарған үздік шығармалардың жинағы «Шытырман – 2» кітабының тұсауы кесілді. 

Бөлісу