Негізгі Жаңалықтар Асыл жырдың асқары

Асыл жырдың асқары

#qyzylordatv 

Облыс орталығында ақын, драмматург Асқар Кіребаевтың 80 жылдығына арналған «Асыл жырдың Асқары» атты еске алу кеші өтті. Кеште қаламгердің өзіндік болмысы, ғибратты өмір жолы мен шығармашылығы туралы сөз қозғалды.


 Арқалы ақын Асқар Кіребаевтың есімі жалпақ жұртқа етене таныс. Жалағаш ауданында дүниеге келген қаламгер еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған. Кейін облыстық «Ленин жолы» газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы меншікті тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ал 1993 жылдан республикалық газеттердің меншікті тілшісі, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің редакторы, мұнан соң облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрының директоры қызметтерін атқарды.


РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

 «Беу, тұлпар жібек жалды жануарым, Қашаннан болдың сесім, бағым, арым. Жалғыз аты болса егер маңдайында, Жігіттің болған емес жаны жарым» жырлаған Асқар ағамыздың жырлары шындығында поэтикалық асқақтығымен, Махамбеттің алдаспан жырларына суарылғандай оттылығымен, Абайдың ұлағатты жырларына суғарылғандай ұлылығымен кейінгі ұрпаққа үлгі болатын жырлардың қатарынан саналады десек қателеспейміз. Асқар ағамыздың шығармашылығы тек қана поэзияда емес,әдебиеттің түрлі жанрларында сыналды десек тағы артық айтпағандығымыз.Соның ішінде поэзия, проза, драматургияға да қалам сілтеді.


 Асқар Кіребаев ұзақ жылдар ақпарат саласында қызмет етсе де қолынан қаламын тастамай, көркем туындыларымен көпке танылған қаламгер. Өлеңдері 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына енсе, алғашқы жыр кітабы «Сыршыл көңіл» деген атпен жарық көрген. Одан кейін бірнеше өлеңдер жинағы мен прозалық шығармалары оқырманға жол тартты. 


 ДҮЙСЕНБЕК АЯШҰЛЫ – АҚЫН, АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Асқар Кіребаев қазақ поэзиясындағы өте талантты, ерекше есім ғой. Асқардың бір ерекшелігі ауылда, Сыр бойнында туып, өмірі сүріп, астан іздемей, атын да, талантын да осы жерде танытты. Бірақ қазақ поэзиясындағы үлкен ақындардың аузымен айтқанда арқалы, поэзтядағы парсаты, ізденпаздығы мен білімпаздағын танытқан ақын.


 ҒАЗИЗА ӘБІЛДА – АҚЫН, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

 Қаламгерлік қыры мықты, өзінің ойын батыл айта алатын, қарымды журналистің бірі болды. Ақындығы бір төбе. Ол кісінің шығармаалары өз заманының тақырыбын жырлап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Өнері, өлеңі, шығармашылығынан бөлек, азаматтық тұлғасы, адамгершілігі, ортамен байланысы, ортадығы сый құрметі ерекше азамат болды. Алғашқы өлеңдерімді газетке жариялап, тұсауымды кескен ағам болатын. 


Зиялы қауым бас қосқан тағылымды шарада Сыр өңірінің мәдениеті мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ақын мұрасы дәріптелді. Сондай-ақ, бұл күні Сыр сахнасында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып, жыр шумақтары оқылды.


Бөлісу