Негізгі Жаңалықтар Күймен тербелген Сыр елі

Күймен тербелген Сыр елі

#qyzylordatv 

Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің шығармашылық кеші өтті. Өнер ұжымы ұлттық және әлемдік деңгейдегі классикалық туындыда ойнап, көрерменді ерекше әсерге бөледі.


 Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі бүгінде аймақ мәдениетінің айнасына айналған. Өңірдің рухани келбетін айшықтап жүрген ұжымның концерті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеулімжай Ботабаевтың дирижерлік етуімен өтті. Жиырма жылға жуық тарихы бар өнер ұжымының өсіп-өркендеуіне мәдениет майлалманының еңбегі өлшеусіз. 


 Қазір оркестр құрамында 60-қа жуық әртіс өнер көрсетеді. Ал, қоржынында 700-ге жуық ұлттық және әлемдік деңгейдегі классикалық туынды бар. Жергілікті компазиторлардың шығармалары да кеңінен көрініс тапқан. Өнер ұжымы соның бірқатарын жоғары деңгейде орындап, көрерменнің құлақ құрышын қандырды. 


 Айта кетейік, келер жылы өнер ұжымының құрылғанына 20 жыл толады. Осыған орай оркестр әртістері тыңдармандарын жаңа туындылармен тамсандырмақ. 


Бөлісу