Негізгі Жаңалықтар Ардагерлер Талсуат ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Ардагерлер Талсуат ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

#qyzylordatv 

Қалаға қарасты ауылдық округтердегі бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыстары талқыланып жатыр. Кезекті көшпелі-семинар Талсуат ауылында жалғасты. Қазыналы қариялар елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып, ауылдан шыққан еңбек ардагерлерінің өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі етілді.


Бүгінде қалалық ардагерлер кеңесінің құрамында 265 бастауыш ұйым бар. Онда 23 мың зейнеткер тіркелген. Олар Талсуат ауылдық округіндегі бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысымен танысты. Қазір ауылда екі жарым мыңнан аса халық тұрады. Елдімекенде мемлекеттік және жекеменшік балабақша, №5 қалалық емханаға қарасты Талсуат ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, ауылдық клуб және кітапхана қызмет көрсетуде. Ауылдық клубта 7 үйірме жұмыс істесе, Талсуат спорт кешенінде каратэ және қазақ күресі үйірмелері бар. Сондай-ақ, ауыл мектебінде 435 оқушы білім алады. Ардагер ұстаздар бос уақытында осында келіп, ұрпақ тәрбиесімен айналысады. Семинар барысында ардагерлер әкелер мектебі, аналар мектебі, мектеп театр үйірмесінің және оқуға құштар мектеп жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнан бөлек, ұзақ жылдар білім саласында қызмет атқарған ардагер ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. 

Бөлісу