Негізгі Жаңалықтар Конституциялық Сотқа 18 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық Сотқа 18 мыңнан астам өтініш түскен

#qyzylordatv 

Конституциялық Сотқа 18 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 99 пайызға жуығын азаматтар жолдаған. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова Құрылтай отырысында айтты.


  Конституциялық соттың дерегінше 14 норма Конституцияға қайшы деп танылып, қолданыстағы заңдардан алынып тасталған. Прокуратура шығарған 85 акт нәтижесінде мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалып, 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Эльвира Әзімова жаңа Конституцияға сай азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру қажет екенін айтты.  


 ЭЛЬВИРА ӘЗІМОВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Контитуциялық бақылау органы ретінде біз Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуді, міндетті конституциялық құқықтық бағдарларды қалыптастыруды және адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзуын алдын алуды өз міндетіміз деп білеміз. Конституцияның үстемдігі тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Бөлісу