«Қыс-2026»: Күш пен бірлік сыналар сәт
#qyzylordatv
Дәл осындай командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны облыс орталығында да өтіп жатыр. Шұғыл әрекет тобына жататын төтенше жағдайлар қызметі мен күштік құрылымдар табиғи апаттардың алдын алу шараларын екі күн бойы пысықтамақ.
Апат айтып келмейді. Сондықтан қай кезде де сақадай сай болу маңызды. Әсіресе, табиғи және техногендік апат орнына дереу жету жақсылап сайлануды қажет етеді. Сол себепті өрт сақшылары, суда құтқару қызметі, полицейлер, жедел-жәрдем мен коммуналдық кәсіпорындардың мамандары сап түзеп, артық-кемді бағдарлап алды. Екі күнге жоспарланған оқу-жаттығу барысында ең күрделі жағдайда әрекет ету жайы пысықталып, сала мамандарының кәсібилігі бағаланбақ. Аталмыш оқу-жаттығу жиынына 110 маман мен 50-ден астам техника жұмылдырылған.
ОЛЖАС ТҰРСЫНБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында «Қыс-2026» оқу-жатығуы өтуде. Барлығы 21 құрылымнан 18 қызмет, сонымен қатар, 110 қызметкер мен 52 техника жұмылдырылды. Бұл жиынның негізгі мақсаты қыс кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу салдарын жоя, сонымен қатар, барлық күштің құрылымның дайындығы мен іс-әрекетін пысықтау болып табылады. Мұндай оқу-жаттығу жиыны жылына 2 мәрте өткізіледі