Өрт шықты десе жұрттың өре түрегеліп, жапа тармағай қаша жөнелетіні аян. Кенеттен төнген қауіп пен үрейден дүрбелең тудырып, жағдайды тіпті қиындатып жіберетіні де рас. Сондықтан, Сіз тұрған ғимарат немесе жақын нысанда өрт шыққан жағдайда ең бірінші 101 нөміріне қоңырау шалып, мекен жайды нақты айту қажет.
Тілсіз жау табан астында нысанды түгел шарпуы мүмкін. Қас қағым сәтте не істеп, не қою керектігін алдын ала болжау қиын. Дей тұрғанмен, әрбір ересек адам сауатты әрекет жасай білсе игі. Әсіресе, жаныңызда балалар болған жағдайда бұл жауапкершілік арта түседі.
Аспандияр Сапарғалиев- облыс бойынша ТЖД бас маманы
Өрт орын алған жағдайда ғимаратта міндетті түрде қауіпсіздік дабылы мен қосымша шығу қондырғылары жұмыс атқаруы тиіс. Егерде олар жұмыс істемеген жағдайда барынша әрекет етуге тырысу керек. Бұл кезде ең бастысы шамаңызды анықтап, өзге адамға көмек беруге күшіңіздің жететініне сенімді болуыңыз қажет.
Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында ғимараттарда алғашқы көмек беру құралдары: өрт сөндіргіш, сүймен, ілгек, балта, шелек құрығыларының болуы міндеттеледі. Әдетте олар адамдарға қолжетімді жерге орналастыралады. Өрт сөндіретін құм мен жер арнайы жәшіктерде механикалық күректермен сақталады. Шкафтарда арнайы су жүйесіне қосылған кран орналасқан. Судың мол көлемінің арқасында ол өрттің жылдам өшуіне көмектеседі. Алайда судың көмегімен өртті сөндіру үшін ғимараттағы құрылғыларды толықтай тоқ жүйесінен ажыратып алу қажет. Әйтпесе өрт қайта еселеніп ұшығып кетуі мүмкін.
Аспандияр Сапарғалиев- облыс бойынша ТЖД бас маманы
Егер үрейленген көпшілікпен есікке қарай бет алсаңыз,артқа қарауға немесе тоқтауға болмайды. Қозғалықса кедергі келтірмес үшін қолдағы артық заттардан арылу керек.
Аспандияр Сапарғалиев- облыс бойынша ТЖД бас маманы
Есіңізде болсын, өрт болған жағдайда ешқашан лифт қолданбаңыз. Өйткені лифт шахтасына түтін тез толады. Көз аштырмас түтін пайда болса, қабырғаға сүйкеніп қозғалыңыз. Осылайша есікті тез табуға болады.
Аспандияр Сапарғалиев- облыс бойынша ТЖД бас маманы
Ал енді киімге жалын тиіп, өртенген жағдайда оны сөндіру үшін жерге жатып аунау қажет. Сақтықта қорлық жоқ деген. Ал, қырағылық және сақтық бар жерде өрт шықпайды деп сенейік.
Аида Мұхтар