Әкімжан Жолтаев-тілші \Тәуелсіздік алып, азаттықтың ақ таңы атқалы өшкеніміз жанып, өткеніміз жаңғырып, тарихқа терең мән бере бастадық. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 375 жыл бұрын қазақ тарихында айтулы оқиға болды. Ол –Орбұлақ шайқасы. Осы шайқаста қазақ қолын бастап, жеңіс жалауын желбіреткен Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс баһадүрге арналып Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында зәулім ескерткіш орнатылып, батыр бабалардың рухына тағызм етілді\

Инт: \ескерткіш\                               

Ұлтарақтай жер үшін,  егеменді ел үшін атқа қонып, жоңғар әскерін ойсырата жеңген қос батырға Қазығұрт ауданынан мемориалдық ескерткіш орнатудың өзіндік себебі бар. Тарихшылардың айтуынша, Қазақ хандығының астанасы болған Түркістаннан Салқам Жәңгір бастаған әскер жорыққа аттаныпты. Осы өлкеден шыққан Жақсығұл деген мерген Жәңгірдің сенімді серігі болған деседі. Самарқаннан 20 мың сарбазбен көмекке келген Жалаңтөс баһадүр де осы киелі Қазығұрт арқылы жүріп өткен.

Бекет Тұрғараев - «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы,  заң ғылымдарының докторы, профессор

Әкімжан Жолтаев-тілші \Орбұлақ шайқасының қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтаудағы орны мен рөлі  және тарихи маңызы қандай? Бұл шайқас туралы бұған дейін айтылмаған қандай деректер бар? Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан және еліміздің өзге аймақтарынан келген белгілі зерттеуші ғалымдар ғылыми-теориялық конференцияда бас қосып, бұл мәселені жан жақты талқылады\

Жоңғарлар ең алғаш 1635 жылы қазақ жеріне тұтқиылдан шабуылдап, жеңіске жетсе, 1643 жылы Ор­бұлақ шайқасында ойсырай жеңілді. Ең қызығы Жәңгір хан бастаған қазақтың 600 қолы Батыр қонтайшының елу мың әскеріне қарсы шығып, шығынға ұшыратады. Зерттеушілер мұның себебін былай түсіндіреді.

Бексұлтан Нұржекеев-ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауретаы, жазушы  \оқпана туралы\

Тағы бір деректерде, қазақ әскері «Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі. Сонымен қатар,  жоңғарларға қарсы Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Қазақ қолы сондай-ақ осы соғыста ең алғаш рет отты қару пайдаланған. Жәңгір бастаған аз ғана сарбаз осылайша жау әскерін ерекше тактикамен жеңеді.

Дария Қожамжарова-Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің  ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Жоңғарлардың жеңіліске ұшырауының тағы бір себебі, қазақтардың ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасы. Азаттық үшін болған айқаста Жалаңтөс баһадүр Самарқаннан 20 мың әскерді бастап келіп, Жәңгір ханға көмектеседі. Нәтижесінде үш күнге созылған шайқаста жоңғарлардың он мыңнан астам әскері қаза табады. Конференцияда сөз алғандар осылайша 40 жыл бойы Самарқанның әмірі болған, Орта Азияның соңғы жолбарысы Жалаңтөс Баһадүр мен Салқам Жәңгірдің ерлік істерін дәріптеді.   

Сейілбек Шауханамов-облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері

Эркин Мусурманов - Өзбекстан республикасы Самарқанд мемлекеттік университетінің профессоры

Бұл шайқаста сондай-ақ Қарасай, Көкі, Жақсығұл, Сүлеймен, Жаманбай, Қостоқты батырлар да ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, тарихта өшпестей із қалдырды. Конференцияға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев батыр бабалар туралы әлі де айтылмаған деректер көп сондықтан тарихқа терең бойлап, зерттеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.  

Жансейіт Түймебаев - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Әрине, болашақ ұрпақ Орбұлақ шайқасы және оған қатысқан батырлардың ерлікпен өрілген өмірі  туралы толықтай білуі тиіс. Есімі елге мәлім тарихшы, ғалымдардың басын қосқан конференция осы мақсатты көздейді.

Нәжмадин Мұсабаев – Республикалық «Жалаңтөс Баһадүр» қорының төрағасы

Қазақ тарихындағы жоңғарлармен болған ең ұзақ әрі маңызды шайқас туралы әлі күнге дейін фильм түсірілмеген. Жиында бас қосқан зерттеушілер бұл мәселені алға тартып, тарлан тарихты таразылау керек деген пайымға келді. Ендігі міндет, сан тараптан сұқтанған жауға атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас еткен батыр балардың ерлік істерін дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Әкімжан Жолтаев