Тілші:  Нағи Ілиясов ауылы заман талабына сай жаңғырған, аймағымыздағы ең көрікті елді мекен. Бұл ─ мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестіктің нәтижесі. 400-ден аса түтіні бар ауыл береке-бірліктің, тынымсыз еңбектің арқасында өсіп-өніп, бүгінде дәулетіне сәулеті сай болып отыр.

Қайрат Қуандықов – Н.Ілиясов ауылының әкімі

Тілші: Биыл ауылдағы мәдениет үйі, мектеп, әкімдік, балабақша, дәрігерлік амбулатория ғимараттары жаңартылды.  Соңғы екі жылда монша, орталық демалыс алаңы және үлкен стадион салынды. Әріптестік меморандумына  сәйкес ауылды абаттандыру шаралары биыл да жалғасын тауып, осы жылға «Мағжан және К»  шаруашылығы 109 миллион теңге  қаражат бөлген.   Бүгінде ауылдың өз сауда орталығы, мейрамханасы бар.Инвестор тіпті гүлдерді күтетін мамандарды арнайы қаладан алдыртып, ай сайынғы еңбек ақысын төлеп отыр.

Тараздан жеткен делегация алғашқыда аудан орталығына табан тіредік деп ойлапты.

Сәуле Рысбаева – «Рысбаева және К» серіктестігінің директоры /Тараз қаласы/

Бейбітбек Жайлыбаев – Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі

Тілші: Ауылдағы «Мағжан және К» серіктестігі биыл 4 мыңнан аса жерге сыр салысының 6 түрін орналастырған. Егінге орақ түсіп те үлгерді. Гектарынан 70 центнердей өнім алған диқандардың еңбегі еселі.   

Осылайша жамбылдықтар жайма шуақ өмір  кешкен нағилықтардың  ертеңіне деген  сенімі  нық екеніне көз жетті. Егеменді елдегі бекем бірліктің, берекелі тірліктің көрінісін тамашаладық деді олар.

М.Мұқашева,  Н.Мұзарапшин