#qyzylordatv
«Анаға тағзым» орталығында отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары директорларының үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тәжірибелер мен тиімді шешімдер ұсынылды.
Жалпы елімізде отбасылық үлгідегі 11 мемлекеттік балалар ауылы бар. Жиында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің құқығын қорғауға қатысты Заңнамадағы өзгерістер мен қамқоршылық сапасының халықаралық стандартын қолдану сынды мәселелер кеңінен талқыланды. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов балаларды қолдау бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды.
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ата-ананың қамқорлығынысыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау біздің еліміз үшін енгізігі міндеттердің бірі. осы орайда мекемеде тәрбиеленушілерге кезең кезеңімен өмірге бейімделу жағдай жасалып келеді. 16-23 жас аралағында интернат тәрбиеленушілері жас жеткіншектерді бейімдеу орталықтарына 23-29 жастағы азаматтарға «Жастар үйінде» тұруға мүмкіндік жасалды. Интернат оқушылары 100 пайыз оқумен қамтылды. Балалар ауылының түлектерінің 30 пайызы өз білімдерін дәлелдеп грант иегері атанып, ЖОО білім алуда. Айта кету керек, соңғы 3 жылда жетім балаларды тұрғын үймен қамту 20 пайызды құрады. Аймақ басшысының қолдакымен бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады».